ҚР Премьер-Министрі мотор бензинін, керосинді және газойлды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы қаулыға қол қойды
Қаулыда тұрмыстық пеш отынынан басқа, мотор бензинін (код ТН ВЭД ТС 2710 11 310 0-2710 11 700 0), керосинді (код ТН ВЭД ТС 2710 19 210 0-2710 19 250 0) және газойлды (код ТН ВЭД ТС 2710 19 410 0-2710 19 490 0) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2010 жылғы шілденің 1-інен тыйым салынды.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне осы қаулыны орындаудың барлық қажетті шараларын қабылдау тапсырылды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Қазақстан Республикасында мотор бензинін, керосинді және газойлды ел аумағынын әкетуге тыйым салу енгізілгені туралы Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Ықпалдастық комитетін белгіленген тәртіппен хабардар ету тапсырылды.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Қаулының толық мәтіні баспасөзде жарияланады.