Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Премьер-Министрі «Нұр Отан» және «Ауыл» партияларының жетекшілерімен кездесті

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының және «Ауыл» қазақстандық социал-демократиялық партиясының жетекшілерімен кездесу өткізді,

ҚР Премьер-Министрі «Нұр Отан» және «Ауыл» партияларының жетекшілерімен кездесті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев пен «Ауыл» СДП төрағасы Ғани Қалиев, мемлекеттік органдардың өкілдері, «Қазагро» ҰХ» АҚ өкілдері қатысты.Д.Қалетаев пен Ғ.Қалиев еліміздің агроөнеркәсіп саласын дамыту жөніндегі шаралар жиынтығын ұсынып, ондағы пікірлер экономикалық дағдарыс жағдайында саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі меморандумға қол қойған 7 саяси партияның үйлескен ұстанымы екендігін атап айтты.Кездесуге қатысушылар қазіргі жағдайда, агроөнеркәсіптік кешен әлеуметтік-экономикалық және саяси маңызға ие болып отырғанын, еліміздің аумағында халықтың ұтымды қоныстануының, жаңа жұмыс орындарын ашудың, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, дағдарыстық құбылыстарға қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті.Саяси партиялар өкілдері партияаралық кеңестің ұсыныстары Үкімет тарапынан түсіністік пен қолдауға ие болады деген сенім білдірді.