ҚР Премьер-Министрі Петропавл ЖЭО-2 жұмысымен танысты

ЖЭО-2 Петропавлдың негізгі жылу энергиясы көзі және облыстың сегіз ауданы мен облыс орталығын электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорын ішкі рынокпен қатар электр энергиясын Ресей Федерациясына экспортқа жеткізеді. Кәсіпорында 799 адам жұмыс істейді.
2009 жылғы электр энергиясы экспортының көлемі 38,9 млн. кВт/сағат болды.
Оның негізгі жабдықтары құрамына бу өнімділігі 220 т/сағаттық 11 энергетикалық қазандық, жалпы электр қуаты 380 МВт, жылу қуаты 585 Гкал/сағаттық 7 турбоагрегат кіреді. Стансы өндіретін өнім көлемі бүгінгі таңда 760 Гкал/сағатты құрайды, электр қуаты - 349 МВт.
2009 жылы мұнда 2,24 млрд. кВт/сағ электр энергиясы өндірілді, бұл 2008 жылғы көлемнен 25 пайыз көп. Мұндағы орташа еңбекақы ағымдағы жылғы маусымның 1-іне 57,3 мың теңге болды.
Бүгінгі таңда кәсіпорын электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушылардың талаптарын толығымен қанағаттандындыруда.
«СевКазЭнерго» АҚ-ны жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру инвестициялық бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсаты тұтынушшылардың электрмен жабдықталу сенімділігін арттыру, облыста кәсіпорындарды дамытуға жағдай туғызу, аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту.
Мұнда орталықтың негізгі және қосалқы жабдықтарын жаңарту, жаңа алтьын үйіндісі құрылысын салу, технологиялық схема жабдықтары ресурстарын қалпына келтіру, жылу және электр энергиясы, табиғат қорғау қызметі бойынша инвестициялық бағдарлама жүзеге асырылуда.