ҚР Премьер-Министрі «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» менеджментін сынға алды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның батыс өңірлерінде тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі бойынша белсенділіктің аздығы байқалады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты.

Үкімет басшысының пкірінше, бұл жағдайдың басты себебі Қазақстан «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің» нашар менеджменті.

Өскеменде, Оралда, Шымкентте және Қостанайда көрініп отырған белсенділік батыстағы Атырау мен Маңғыстаудан екі есеге жуық жоғары. Мұның сыры неде болуы мүмкін және Ақтөбенің Атыраудан артықшылығы неде? Ақтөбеде тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесі бойынша 2,5 мыңнан астам өтінім қабылданса, Атырауда небәрі - 418», - деді С. Ахметов отырысқа қатысушыларға қарата.

Оның пайымынша, мұның сыры банк пен оның аймақтардағы бөлімшелерінің әлсіз менеджментінде болып отыр.

«Сондай-ақ, банктің әкімдіктермен, жергілікті орындаушы органдармен жұмыс жасауы әлсіз. Сіздердің басты тапсырмаларыңыз - осы жағдайдың басын ашу, әкімдермен бірге өңірлерді аралап, бағдарламаларыңызды нақты көрсетіп, артықшылықтарын түсіндіру. Әкімдердің тапсырмасы - сіздерді жермен, сәйкесінше инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, ал сіздердің басты жұмыстарыңыз - құрылысты инвестициялау», - деді С. Ахметов.

Соңғы жаңалықтар