ҚР Премьер-Министрі Жамбыл облысының жаңа басшылығына бірқатар тапсырмалар берді

sp;ТАРАЗ. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Бүгін Жамбыл облысы активінің барысында аймақтың жаңа әкімі Қанат Бозымбаевты таныстыра отырып, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов жаңа басшылықтың назарын бірқатар тапсырмаларға аударды.
None
None

«Ең алдымен, ел экономикасының жандануына қарамастан, аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы айрықша назар аударуды талап етеді», - деді Премьер.

Ол баға белгілеуге, соның ішінде жанар-жағар майларының бағасына  ерекше көңіл бөлу керек. «82 теңге - дәлізі сақталуы тиіс», - деп атап көрсетті К.Мәсімов. сонымен қатар ол тұтастай алғанда баға белгіленімі облыс әкімінің ерекше бақылауында болуын ескертті.

Бұдан басқа облыс әкімі балабақшалар салу және ашу, Жамбыл ГРЭС-інің жұмысы, Тараздың жүнді алғашқы өңдеу фабрикасының жұмысын қалпына келтіру мәселелеріне көңіл бөлген жөн.

Премьер жаңа әкімге Тараз қаласы тұрғынының Мемлекет басшысының тікелей желі сұхбаты барысында көтерген проблемаларына назар аудару тиіс - бұл кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жайы.

Үкімет басшысы айтқан сөздерін түйіндей келіп, келесі жылы Жол картасы жалғасатынын атап өтті, сондықтан да облыстың жаңа басшысы мектептердің, ауруханалардың және аймақтағы басқа да әлеуметтік нысандарының жөнделуін және құрылысын бақылауға алуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар