ҚР Премьер-Министрі жұмыс сапарымен ШҚО-ға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жұмыс сапары барысында Премьер-Министр ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының аймақтағы ірі өнеркәсіптік-индустриалдық және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, денсаулық сақтау және білім беру нысандарында жүзеге асырылу барысымен танысады.

Сондай-ақ, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кәсіпкерлермен және қоғам өкілдерімен кездесуі күтілуде. 

Сонымен қатар, Б.Сағынтаев Халықаралық әуежай мен ТЭЦ-1 жылу қазандығының реконструкциялану барысын көреді.

 Баспасөз қызметінің соңынан хабарлауынша, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында әлемдегі ірі кәсіпорындардың біріне айналған Ақтоғай тау-кен байыту комбинатының жұмысымен танысты. 

Б. Сағынтаевқа нысан құрылысы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы баяндалды. Бұдан соң карьердің шолу алаңында ҚР Премьер-Министріне кен алу технологиясы жайлы әңгімеленді, ал сәл кейінірек сульфид кенін қайта өңдейтін байыту фабрикасында Премьер-Министрге кенді байыту технологиясы таныстырылды.

2016 жылы Индустрияландыру күні аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев іске қосқан тотықтандырылған кеннен мыс өндіру бойынша Ақтоғай кешені жобалық қуаттылығына шығарылды. Биылғы жылдың соңына қарай катодты мыс өндірісі көлемін 20 мың тоннаға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты KAZ Minerals Тобының жобасы болып табылады, ол Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында аттас кентке жақын орналасқан ашық түрдегі ірі кен орны. Әлемдегі игерілмеген ең ірі мыс кен орындарының қатарына кіреді. Бұл соңғы бес жылды алып қарағандағы ең ірі индустриалды құрылыс.

Соңғы жаңалықтар
telegram