19:18, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрінің Атырау облысында болуы жоспарлануда
АТЫРАУ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Ертең ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Атырау облысына келуі күтілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Премьер-Министр әуежайдан бірден Мақат ауданына тікұшақпен ұшып шығады, онда Үкімет басшысы «ҚазақстанПетро-кэмикал индастри» АҚ Ықпалдасқан газ-химия кешені» құрылысының басталуына арналған салтанатты рәсімге қатысады.Атырауға оралғаннан кейін Үкімет басшысы облыстық әкімдікте мұнай ағызатын Солтүстік Каспий экология базасының сызбасымен танысады. База Жайық өзені жағасындағы Дамба кентінің маңында салынады. Бұған экологтар, жұртшылық наразылық білдіруде, оларды жергілікті атқарушы билік қолдауда. Мамандардың айтуынша, Жайық өзенінің қорықтық жағалауына базаны салу бағалы балық тұқымдарының, атап айтқанда бекіре тұқымдас балықтардың өсіп-өнуіне зиян келтіреді. Жергілікті өкімет орындары «Аджип ККО» үшін салынатын базаны басқа жерге орналастыруды ұсынуда. Бұдан кейін Премьер-Министр Атырау облысы әкімдігінің дағдарыстың аймақ экономикасына әсерін еңсеру жөнінде қолға алып жатқан шаралары талқыланатын кеңеске қатысады.