ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі жұмыс сапарымен БҚО-ға келді

ОРАЛ. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі жұмыс сапарымен БҚО-ға келді

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Б.Сағынтаев алдымен Орал қаласы Зачаган кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен таныспақ.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары сондай-ақ, өңірдегі су тасқынына қарсы дайындық барысын бақылап, бірқатар әлеуметтік, өндірістік нысандарда болады.

Облыс әкімдігінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрінің қатысуымен өтетін кеңесте облыстың су тасқынына әзірлігі, көліктік инфрақұрылымның даму болашағы және басқа да өзекті мәселелер талқыланбақшы.