01:22, 05 Қыркүйек 2017 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Сербияның қорғаныс министрімен кездесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Сербияның қорғаныс министрі Александр Вулинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Қазақстан мен Сербияның қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы екіжақты ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланды. Тараптар әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға әзір екенін растады.
Асқар Мамин мәртебелі мейманған ресми сапарының Қазақстан-Сербия екіжақты қарым-қатынасының дамуына қосымша серпін беретінін айта келе, серіктестікті тереңдете түсу үшін барлық мүмкіндіктердің бар екендігін айтты.
Өз кезегінде Сербияның қорғаныс министрі Қазақстанға келген сапарының нәтижелі болғандығын атап өтті. Сапар барысында әскери-техникалық салада өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың нақты келісімдеріне қол жеткізілген.