Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр

ЛОДАР. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаевтың Павлодар облысына жұмыс сапары «Қазақстан алюминийі» АҚ-да болудан басталды.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Орынбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысында жүр

2008 жылы 1,6 млн. тонна саз топырақ шығарған кәсіпорында 8 008 адам еңбек етеді, орташа жалақылары - 72,5 мың теңге. Мұнда сапа және экология жүйесі табысты жұмыс істейді, OHSAS 18 001 денсаулық және қауіпсіздік менеджментін енгізу аяқталуда. Фабрикада кальцинация пештеріне арналған синтетикалық газы бар сұйық отынды алмастыруға мүмкіндік беретін газбен жабдықтау іске қосылды.

Е.Орынбаев «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ металлургиялық өндірісімен - елдің алюминий кластеріндегі шешуші элементімен танысты. 2007 жылдың желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен металл алюминийді іске қосу бойынша кешен енгізілді, 2008 жылғы тамызда қуаттылығы 125 мың тонна зауыттың бірінші кезегі қосылды. Өндірістің технологиясы барлық заманауи экологиялық талаптарға сәйкес келеді.

Жұмыс сапарының барысында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынып жатқан емханасы бар, 210 орындық туберкулезге қарсы диспансерде болу, «Жол картасы» бойынша «Театральный» скверінің абаттандырылуымен танысу, Ж.Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрының үйін қарап шығу жоспарланған.

Премьер-Министрдің орынбасары медициналық ақпараттық-талдау орталығында, Павлодар әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде болады. Ол Жол картасы нысандарында - күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №2 қалалық ауруханада болады.

Кешке Ербол Орынбаев облыс орталығында Жол картасы және «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы нысандарының орындалу мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізеді. Аймаққа сапар  барысында оның қасына Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы  Александр Вербняк ілесіп жүрді.