ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті
АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Орынбаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласында өңірлік кәсіпкерлікті қолдау мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.
Кеңесте Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру бойынша және әкімшілік кедергілерді қысқарту бойынша баяндама жасады.
Өз баяндамасында вице-министр М. Құсайынов осы жылдың сәуір айынан бастап іске асырыла бастаған «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бағыттарына тоқталып өтті.
Бағдарламаның үш бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктердің қарауына жалпы соммасы 231,4 млрд. теңге мөлшеріндегі барлығы 481 өтінімдер келіп түсті.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктердің қарауына жалпы сомасы 27,7 млрд. теңгені құрайтын 108 өтінім келіп түсті. Жалпы соммасы 5,1 млрд. теңгені құрайтын 30 өтінім Өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауында ұсынылды.Өңірлік үйлестіру кеңестері несиелердің жалпы құны 4,9 млрд. теңгені құрайтын 28 өтінімді мақұлдады.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссияның жанындағы құрылған Жұмыс тобы екі отырыс өткізді, онда 19 жоба қарастырылды. Олардың ішінде жалпы сомасы 17 млрд. теңгені құрайтын 13 жоба мақұлданды, ЭҚЖК жіктелімі бойынша экономиканың басым секторларына несиенің нысаналы мақсаты анықталғанға дейін 4 жобаны қарастыру кейінге қалдырылды. 2 жоба бойынша бағдарламада айқындалған басым секторларымен сәйкес келмеуіне байланысты, қолдау көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылданды.
Мақұлданған жобалар мынадай 10 өңірлерде: 1000-нан асатын жұмыс орны сақталатын және 700-ден астам жұмыс орындары құрылатын, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай облыстарында және Астана қаласында іске асырылады.
Олардың ішінде мынадай ірі жобаларды атап өтуге болады, олар несие сомасы 7,7 млрд. теңгені құрайтын құю және илектеу цехтары құрылысы бойынша «Ақтау құю зауыты» ЖШС-і және жоба бойынша несие сомасы 2,2 млрд. теңгені құрайтын қызанақтарды өсірумен, олардың дәндерін және көшеттерін өсірумен айналысатын «Шығыс Қазақстан жылыжай кешені» ЖШС-і.
Ақтөбе облысында екінші бағыт бойынша жалпы соммасы 134,8 млн. теңгені құрайтын теміржол жылжымалы составты жөндейтін «ТехЛокСервис» ЖШС жобасы мақұлданды.
Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша екінші деңгейдегі банктерге жалпы сомасы 34,7 млрд. теңгені құрайтын 25 өтінім келіп түсті. Жалпы сомасы 16,1 млрд. теңгені құрайтын 14 өтінім Өңірлік үйлестіру кеңестерінің қарауына берілді.
Өңірлік үйлестіру кеңестері субсидиялауға жалпы кредит сомасы 19,24 млрд. теңгені құрайтын 14 өтінім мақұлдады, оның ішінде, Алматы облысында «Даму» КДҚ» АҚ, ЕДБ және «Қайнар АКБ» ЖШС отандық аккумуляторларды экспорттау және өндіру бойынша жобаның өтінім берушісі арасында жалпы соммасы 1,3 млрд. теңгені құрайтын пайыздық ставканы субсидиялау шарты жасалды.
Барлық үш бағыт бойынша субсидиялауға кредиттің жалпы құны 41,14 млрд. теңгені құрайтын 55 өтінім мақұлданды.
Осымен бірге, М. Құсайынов елдегі әкімшілік кедергілерді қысқарту, бизнес-ахуалды жақсарту бойынша Үкіметтің бірнеше бағыттарда: Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингінде Қазақстанның көрсеткіштерін жақсарту; бақылау-қадағалау жүйесінің реформасы; рұқсат беру жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысына тоқталып өтті.
Кеңестің соңында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев ҚазАқпарат тілішісіне берген сұхбатында оның қорытындыларын жоғары бағалады.
- Кеңес сындарлы және ойдағыдай өтті деп есептейтмін. Басты қорытынды - «Бизнестің жол картасы» жұмыс жасауда. Қазір 230 млрд. теңгенің 500-ге тарта жобасы - бір жарым миллиард доллар банктерде жатыр. 55 жоба мақұлданды. Олардың арасында Ақтөбе, Қарағанды, Алматы облыстары бар. Кеңестің басты жетістігі - кәсіпкерлер, қаржыгерлер әртүрлі өздерінің іскерлік ұсыныстарын айтты. Қыркүйектің 6-сында Премьер-Министрлің қатысуымен үйлестіру кеңесінің отырысы өтеді, - деді Е.Орынбаев.
Кеңестің жұмысына Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов қатысып, сөз сөйледі.