17:22, 26 Ақпан 2009 | GMT +5
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары ШҚО-да сапармен жүр
СЕМЕЙ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Семейге келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Келген бойда ол бірден «DAAWOBUS» ЖШС-ға бағыт алды, онда биылғы наурыздың аяғында МТЗ-80 және МТЗ-82 тракторларын құрастырудың жаңа желісі іске қосылмақшы.Кәсіпорынның бас директоры Әсемхан Досқожановтың Үкімет басшысының орынбасарына хабарлағанындай, биылғы жылы зауытта тракторларды лицензиялық шығару 1 000 бірлікті құрайды. Келесі жылы бір жарым мың тракторды құрастыру көзделуде, ал кәсіпорын толық қуаттылыққа шыққаннан кейін, құрастырылатын техника жылына үш мыңға дейін жеткізіледі. «DAAWOBUS» ЖШС-ның осы жобасы Қазагроқаржымен бірлесіп іске асырылады және ішкі рыноктың мүдделеріне сай өндіріске енгізіледі. Танымал «Беларусь» тракторы Беларусь Республикасындағы зауыт-даярлаушының сату бағасына қарағанда айтарлықтай төмен бағамен Қазақстанда сатылатын болады. Шығыс Қазақстан облысының түрлі агроқұрылымдарынан ғана кәсіпорынға бүгінгі күні 42 тракторға өтінім түсіп отыр.Кәсіпорынмен танысу барысында Өмірзақ Шөкеев құрастырудың өндірістік желісін қарап шықты және зауыт қызметкерлеріне ойға алған жоспарларын іске асыруға тілек білдірді.