ҚР Премьер-Министрінің орынбасары тағайындалды

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат – Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Премьер-Министрдің Кеңсесі ұжымына Елбасы Жарлығымен тағайындалған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев пен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Ахметовті таныстырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Премьер-Министр орынбасарлары арасындағы өкілдіктерді бөлді. Ө.Шөкеев жедел басқару, агроөнеркәсіптік кешенді, құрылыс секторын дамыту, сондай-ақ серпінді жобаларды жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын болады. Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаевқа макроэкономика және адами даму мәселелері бекітілді. Премьер-Министрдің жаңадан тағайындалған орынбасары С.Ахметов көлік және инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті дамыту салаларына басшылық етеді, сондай-ақ қазақстандық өндірістердің басты жобаларға қатысуын арттыру, аймақтық саясат және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерімен айналысады.
Соңғы жаңалықтар