ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының 24-ші отырысы өтті

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Министрліктер үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының жиырма төртінші отырысы өтті,
None
None

деп хабарлады ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыста Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы» қаулысының жобасы талқыланып, мақұлданды.

Бұл қаулы Қазақстан Республикасының Президенті ағымдағы жылғы желтоқсанның 7-сінде қол қойған 2010-2012 жылдарға арналған республика бюджеті туралы Заңды жүзеге асыру үшін әзірленген болатын.

Республикалық бюджет комиссиясы отырысының қорытындысымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:

- бес күннің ішінде Экономика және бюджеттік жоспарлау минстрлігіне нақтыланған бюджеттік өтінімдерін ұсыну және «Мемлекеттік жоспарлау ақпараттық жүйесі» мәліметтер базасына тиісті өзгертулер енгізу;

- 2010 жылғы қаңтардың 15-іне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетте көзделген несиелер бойынша сыйақылар мөлшерлемесін субсидиялау және мақсатты трансферттерді пайдалану тәртібі туралы Ережелердің жобасын жасап, ұсыну тапсырылды.

Жергілікті атқарушы органдарға 2010 жылғы қаңтардың 15-іне дейін әлеуметтік-маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша конкурстар жариялауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар