ҚР Премьері ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттігі басшысын ұжымға таныстырды
АНА. Шілденің 28-і. КАЗИНФОРМ - Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігінің ұжымына ведомствоның тағайындалған басшысын таныстырды,
деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Премьер-Министр Мемлекет басшысының шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Серік Кеңесұлы Нокин ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалғанын хабарлады.
«Сіздер оны жақсы білесіздер, ол Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің төрағасы болып істеді, алайда Агенттік аясында Сіздердің алдарыңызда өте көп міндеттер тұр», - деді К.Мәсімов.
Атап айтқанда Мемлекет басшысы ҚР Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі агенттігінің ұжымы үшін: энергияны үнемдеу мәселелеріне айрықша көңіл бөле отырып, құрылыс саласын мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру; мемлекет қаражаты есебінен іске асырылатын жобалардың негізсіз қымбаттау мүмкіндігін болдырмай мемлекеттік сараптаманың тиімділігін арттыру; орын алып отырған проблемаларды мүмкіндігінше шешілуіне орай оны одан әрі дамыту бағыттарын әзірлей отырып, үлескерлердің, ипотекалық несиелендірудің рыногына қатысушылардың және жалпы тұрғын үй құрылысы саласының проблемаларын шешуді үйлестіруді қамтамасыз ету; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалау бағдарламасын бақылауды және мониторингтеуді жүзеге асыру міндеттерін басым міндеттер деп белгіледі.
«Осы мәселелер қоғамның және рынокқа қатысушылардың жіті назарында болып отырғандықтан, Агенттік қызметінің жетістігіне көп жағдайда, Қазақстан экономикасының одан әрі ойдағыдай дамуы байланысты болады», - деді Премьер-Министр.