ҚР Премьері Мұнай және газ министрлігі басшысына сұйытылған газ саласындағы саясатты жасауды тапсырды

КӨКШЕТАУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мұнай және газ министрлігінің басшысына сұйытылған газ саласындағы саясатты жасауды тапсырды. Бұл туралы тиісті тапсырманы Үкімет басшысы Ақмола облысы әкімдігінде өткен кеңесте берді.
None
None

«Бізге сұйытылған газ жөнінде бағдарлама қажет деп санаймын.Оған күмән жоқ, сондықтан да мен мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевқа біз сұйытылған газ жөнінде не істеуіміз қажет екендігі жөнінде Үкімет саясатын әзірлеуді және жасауды тапсырамын», - деді К.Мәсімов.

Бұдан басқа, Премьер-Министр Мұнай және газ министрлігіне республикада сұйытылған газ шығараын кәсіпорын құру мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Менің ойымша, бір ілкі жоба жасау қажет. Оны ұзаққа созбай, бюджетті нақтылауға дейін үлгеріп, қаржы қарастыру қажет, ілкі жоба қалай жұмыс істейтінін көрейік», деп жалғастырды сөзін Премьер.

Осыған байланысты К.Мәсімов екі аптадан кейін бұл мәселе бойынша кеңес өткізуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар