ҚР Президенті 17-19 мамырда Қытайға мемлекеттік сапармен барады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
None
Фото: akorda.kz

«Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Сондай-ақ Президент Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Қытай» саммитіне қатысады», - делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар