ҚР Президенті БАҚ-ты конфессиялар арасында араздық тудыру практикасын тоқтатуға шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат -Бүгін Астанада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барлық БАҚ-ты конфессияаралық араздық тудырмауға шақырды.
«Интернетті қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық түрлері адамдар арасындағы конфессиялараралық араздықты тудыру практикасын тоқтатуға шақырамын. Адамдардың санасын көтеру керек. Бұл бағытта өздерін төртінші билік деп санайтын барлық баспалар мен бұқаралық ақпарат құралдары қожайындарының моральдық жауапкершілігін көтеру қажет деп санаймын», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.