Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Президенті Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасын 2-дәрежелі Достық" орденімен марапаттады

АЛМАТЫ. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Мәскеудегі Қазақстан Елшілігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы Игор Финогеновты 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

ҚР Президенті Еуразия даму банкінің Басқарма төрағасын 2-дәрежелі Достық" орденімен марапаттады

"Достық" ордені Қазақстанның жоғары деңгейдегі наградаларының бірі саналады. Ол қоғамдағы өзара келісімді сақтауда, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Еуразия даму банкінің негізін 2006 жылдың қаңтарында Қазақстан мен Ресей құрған болатын. Бұл халықаралық қаржы институтының жарғылық капиталы 1,5 миллиард АҚШ долларынан асады. Мүше-мемлекеттер арасындағы нарықтық экономиканы және орнықты экономикалық даму мен сауда-экономикалық қатынастарды дамытуды көздейді. Оның құрамында қазіргі таңда 6 ел бар. Олар - Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Армения, Беларус және Қырғыз Республикасы.