10:41, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
ҚР Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтеді
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - 1 маусым күні Алматыда ҚР Президенті Іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасында Ашық есік күні өтеді.

Аурухананың әлеуметтік бағдарлану саясатының шеңберінде бұл күні барлық келушілерге клиниканың үздік профессорлары мен дәрігерлері тегін кеңестер беретін болады.