15:00, 11 Қаңтар 2012 | GMT +5
ҚР Президенті кейбір заңнамалық актілерге жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толтырулар енгізуді көздейтін заңға қол қойды
АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев капиталды көп қажетсінетін ұзақ мерзімді жобаларға арналған шетел инвестициясын тарту мүддесін көздей отырып, жобалық қаржыландырудың негізін құруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.