ҚР Президенті Лакшми Митталмен Теміртаудағы «Арселор Миттал» жұмысының негізгі мәселелерін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы "Арселор Миттал" компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Лакшми Митталмен Теміртаудағы «Арселор Миттал» жұмысының негізгі мәселелерін талқылады

Кездесуде компанияның Қазақстан экономикасын дамытуға қатысуы мәселелері, оның мемлекет жүзеге асырып жатқан бағдарламалар аясындағы қызметінің келешегі талқыланды.

Сондай-ақ Теміртаудағы «Арселор Миттал» металлургия комбинаты жұмысының негізгі мәселелері қарастырылды, әлемдік экономикадағы қатерлерді ескере отырып, кәсіпорынның тұрақты әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.