ҚР Президенті ММУ-де еуразиялық ықпалдастық туралы дәріс оқуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық ықпалдастық тақырыбында лекция оқуда.
None
None

Еске сала кетейік, 2001 жылы Астанада ММУ-дың Қазақстандық филиалы ашылды. Бұл оқиғаға түсіндірме жасай отырып, Н.Назарбаев «осының арқасында бұрыннан тарихы бар Қазақстан мен Ресейдің ғылыми білім байланыстары бүгінде жаңа мазмұнға ие болды», деп атап өтті.

«Бұл ММУ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның зияткерлік және білім үдерісінде елеулі рөл атқаратынын білдіреді», - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Ақорданың баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 29 сәуірде ҚР Президенті Ресей және Беларусь басшыларымен бірге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің жұмысына қатысады.

Соңғы жаңалықтар