19:46, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың атынан еңбек ардагері Александр Коркинге І-ші дәрежелі «Достық» ордені табыс етілді - Елшілік
АСТАНА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атынан еңбек ардагері Александр Гаврилович Коркинге І-ші дәрежелі «Достық» орденін салтанатты жағдайда табыс етті,
деп хабарлайды ҚР Ресейдегі Елшілігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы шілденің 2-сіндегі Жарлығына сәйкес Қазақстан Магниткасының 50-жылдығын тойлау қарсаңында Александр Коркин еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін осы жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды.
Өз кезегінде, А.Коркин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа осы жоғары награда және оның қызметіне берілген жоғары баға үшін шын жүректен алғыс айтып, Қазақстан көшбасшысымен және басқа да азаматтармен бірге атқарған еңбек жылдарын тебірене еске алды.