ҚР Президенті Shell компаниясының басшысымен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанмен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

ҚР Президенті Shell компаниясының басшысымен кездесті

Мемлекет басшысы Shell концернінің бас атқарушы директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа трансұлттық компанияның энергетика және мұнай химиясы салаларында жүзеге асырып жатқан жобалары туралы мәлімет берілді. Кездесу барысында Қазақстан мен компанияның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.