ҚР Президенті: Үкіметтің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, Парламент өкілеттігін кеңейту қажет

БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - Үкіметтің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, Парламент өкілеттігін кеңейту қажет. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Біздің істеріміздің барлығы ашық болуы тиіс. Егер ол мемлекеттік құпия болмаса, онда ол ақпарат қолжетімді болуы тиіс. Үкіметтің шешімдері, әсіресе, жергілікті бюджет жергілікті парламентпен (мәслихатпен) қоғамдық ұйымдар мен адамдардың қатысуымен ашық шешілуі тиіс және әрбір деңгей тұрғындар алдында жарты жыл сайын есеп беріп, сауалдарына жауап беруі қажет», - деді Елбасы.

ҚР Президенті Парламент пен Үкіметке мол құқық беру қажеттігін де ерекше атап өтті.

«Әлі күнге дейін бізде президенттік билік. Өздеріңіз де президенттік биліктің күшті вертикалі қалыптасқанын білесіздер. Орта тап өкілдері санының өсуіне қарай оны әлсіретіп, Үкіметке өз бетінде жұмыс істеуге мүмкіндік, ал Парламентке мол өкілеттік беру қажет шығар», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар