ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Ашық есік күні» өтуде
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жиында сөз алған Академия ректоры Арын Орсариевтің айтуынша, білім ошағы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мемлекеттік кадрларды даярлауда және отандық мамандарды дамытудың қолданбалы ұсыныстарын алға тартуда табандылық танытуы қажет.
«ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы білім сапасы жағынан Орталық Азия, ТМД елдерінің жоғары оқу орындары арасында 5-ші орында тұр. Біздің бүгін ұйымдастырылған «Ашық есік күні» акциямыз академияның негізгі мүмкіншіліктерімен таныстыру және оның басты артықшылықтарын көрсету», дейді А. Орсариев.
Оқу ордасындағы студенттердің 90 пайызға жуығы бюджеттік қаражат есебінен тәлім алуда. Оқу үдерісіне жыл сайын Гарвард, Лондон экономика мектебі және Сингапур ұлттық университеті сияқты әлемнің жетекші ЖОО-нан білікті профессорлар тартылады. Биылғы аяқталған оқу жылында 60-қа тарта шетелдік профессор келіп, дәріс оқыды. Академияның 22 тыңдаушысы Сингапур университетінің дипломын алды, 160 студент АҚШ, Австрия, Голландия, Ұлыбритания, Франция және Ресейде тәжірибе жинақтап қайтқан.