ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

ТАНА. 23 ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
None
None

Алқалы жиынды ашқан Қ.Саудабаев: «Біздің еліміз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени-гуманитарлық дамудағы тамаша жетістіктерімен қарсы алып отыр. Азаматтардың құқықтары, заңның пәрменділігі және тәртіп мәселесі тұрақты әрі жүйелі түрде қамтамасыз етілуде. Мемлекет басшысының нұсқауына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күрес жүргізілуде. Оның басты бағыттарының бірі мемлекеттік сатып алулардағы заңдылықты және айқындылықты қамтамасыз ету болып табылады», - деді.

Комиссия отырысы барысында ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың, Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың есептері тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар