ҚР Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті жазушы Смағұл Елубайды қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
None
None

Кездесу барысында қаламгердің шығармашылығы туралы сөз болды. Сондай-ақ қазақ әдебиеті мен ұлттық киноның қазіргі жай-күйі талқыланды.

Смағұл Елубай өзінің «Ақ боз үй» романының желісімен түсірілген фильм жөнінде баяндады. Картинаға өткен ғасырдағы қазақ даласында болған аштық арқау болған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазушының шығармашылығына табыс тіледі.


Соңғы жаңалықтар