14:06, 19 Тамыз 2020 | GMT +5
ҚР Президенті жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім еткендей, шараға орталық мемлекеттік органдардың басшылары мен облыс әкімдері қатысты.
«Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Қаржы, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің басшылары, Шымкент және Жамбыл облыстарының әкімдері есеп берді», - деп жазды Б.Уәли Facebook-парақшасында.