ҚР Президенті жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болады

ПЕТРОПАВЛ. 18 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болады.

ҚР Президенті жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болады

Солтүстік Қазақстанға сапары барысында Мемлекет басшысы Қызылжар ауданындағы «Вагулинское» шаруа қожалығының егіс алқаптарында болып, астық жинау науқанымен және егістіктің жай-күйімен танысады деп күтілуде

Сондай-ақ жұмыс сапарының бағдарламасы СҚО-дағы ең ірі және жетістікті жұмыс істеп тұрған қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі - Қызылжар ауданындағы «Сүтөнімі» ЖШС-да болуды қамтиды.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Петропавлдың Вокзал маңы алаңында болып, оның қайта жөнделуімен және 2012 жылдың 30 тамызы - Қазақстан Республикасының Конституция күнінде қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевқа ашылған ескерткішпен танысады деп жоспарланған.