ҚР Президенті: Жүзеге асқан жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне талдау жасалады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жүзеге асқан жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне талдау жасалады.
None
None

Бұл туралы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға 1 триллион теңгеге жуық қаржы бөліп отырмыз. Бұл – қомақты қаражат. Оны шағын бизнесті несиелеуге де пайдалануға болады. Соның бәрі құзырлы орындардың бақылауында болып, толығымен мақсатқа сай жұмсалуы тиіс. Осы күрделі кезеңде қаржыландырылып жатқан жобалар арқылы ең алдымен жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Бұған жұмысшыларды барынша көптеп тарту керек», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті үнемі экономикалық табыс әкелетін немесе адами капиталды дамытатын бастамалар қолға алынуы қажеттігін атап өтті. Осыған қарай, мектеп, аурухана және басқа да нысандар салынып, жаңғырту жұмыстары жүргізілуге тиістігін баса айтты.

«Біркелкі нысандардың әр аймақтағы құны өте алшақ болуына жол бермеу аса маңызды. Өкінішке қарай, мұндай жағдай бізде көп кездеседі. Жүзеге асқан жобалардың әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне талдау жасалады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар