ҚР Президентімен болған телекөпір барысында Бейнеу стансасынан алғашқы 3,5 мың тонна күкірт құрамы жөнелтілді

БЕЙНЕУ. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Бейнеу стансасынан жұма күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен болған телекөпір барысында «Бейнеу-Шалқар» темір жолының жаңа уаскесі арқылы алғашқы 3, 5 мың тонна күкірт артылған 41 вагон құрамы жөнелтілді.
None
None

Ұзақтығы 292,5 шақырым темір жолдың аталмыш учаскесі 1100 шақырымдық «Бейнеу-Жезқазған» жолының бөлігі болып табылады. Екі жылдың ішінде «Теміржол жөндеу» ЖШС мамандары салған жол құрылысының құны 108 млрд. теңгені құрады. Бұл теміржолды пайдалануға беру жүк тасымалдау уақытын қысқартады, демек көлік шығыстары құнын төмендетеді.

«Темір жол учаскесі арқылы Жаңа ауыл стансасынан «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қара металы жөнелтілетін болады. Бұдан әрі жүк Ақтау халықаралық теңіз порты арқылы Иранға жеткізілмек. Бұл жүк тасымалдау жолын 494 шақырымға, көлік шығыстарының сомасын 18 пайызға қысқартатын болады.

«Кастинг» ЖШС да қара металды (болат дайындамаларын) Ақтау порты арқылы Павлодар стансасынан Иранға жеткізеді, сондай-ақ теміржолмен «Болашақ» стансасы арқылы Иранға тасымалдайды. Аталмыш ЖШС-ның жүгін тасымалдауы 100 шақырымға қысқарса, көлік шығыстары 3 пайызға кемиді. Сондай-ақ біздің учаскені «Достық» халықаралық торабы арқылы Қытайға Құлсары стансасынан күкірт жөнелтетін «Теңізшевройл» компаниясы да тұрақты пайдалана алады. Әзірге құрам 3,5 тонна тасымалдайды, кейіннен ол 4,5 мың тоннаға ұлғайтылады», - деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау темір жолы бөлімшесінің директоры Нажимеден Губашев.

Соңғы жаңалықтар