ҚР Президентін сайлау кезінде Астанада 170 астам ашық сайлау учаскесі жұмыс істейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының аудандық әкімдіктерінде Қазақстан Республикасының Президентін сайлауға қатысатын сайлаушылар тізімін құрау бойынша арнайы штабтар жұмыс істейді. Аталмыш тізімдерді құрастырумен белгіленген комиссия айналысады, деп жазылған елорда әкімдігінің ресми сайтында.
None
None

Штаб қызметкерлері аудан тұрғындарының арасындағы электоралды жастағы сайлаушылар тізімін жасайды, тізімдер наурыз айында сайлаушылар тізімін анықтау мақсатында пәтер аралау науқаны кезінде құрастырыла бастады. Аудандық мекемелер мен кәсіпорындар штабқа сайлауға қатысатын өз қызметкерлерінің тізімін де беруде.

«Бүгінгі таңда Есіл ауданында тұратын электоралды жастағы сайлаушылардың саны 34456 адамды құрайды. Жалпы, ауданда 15 ашық және 8 жабық сайлау учаскесі жұмыс істейді. Қазір 15 учаске бойынша сайлаушылар тізімін даярлау жұмыстары жүргізілуде, 5 сәуірде сайлау комиссиясына тізімді беруіміз керек, олар тізімді акті бойынша қабылдайды, - деді «Есіл» ауданы әлеуметтік сала және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арайлым Елімсарина.

Оның айтуынша, сайлауға денсаулық жағдайы бойынша қатыса алмайтын тұлғалар үйден дауыс бере алады. Ол үшін сайлау күні сағат 12:00 дейін өтініш жазу керек.

«Алматы» ауданы әкімдігінің мәліметінше, аумақта 96 сайлау учаскесі жұмыс істейді, сайлаушылар тізімінде 194 990 адам тіркелді. Ал «Сарыарқа» ауданында 60 ашық және 10 жабық сайлау учаскесі ашылған, сайлаушылар тізіміне 153 987 адам енгізілген.

Қазақстан Республикасының Президентін сайлау 26 сәуірде өтеді. Тұрғындар барлық сауалдар бойынша Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығына 55-66-55 телефоны бойынша хабарласа алады.

Соңғы жаңалықтар