ҚР Президентіне балалар лагеріне оқ жаудыру туралы баяндама жасалған кезде ақпарат тексерілу үстінде болған - ҰҚК

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбеде балалар лагеріне оқ жаудырылуы мүмкін деген ақпарат Президентке айтылған кезде өзекті болды. Антитеррорлық іс-қимылдар барысында лаңкестік қауіптер туралы кез келген хабарламалар тексерілуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

8 маусым күні таңертең ҰҚК мен ІІМ кезекші қызметтеріне Ақтөбедегі балалар лагеріне оқ жаудырылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Онда лагерь күзеті мен жақын жерде тұрған полицияның патрульдік көлігіне басқа машинадан тегіс оқпанды қарудан оқ атылғаны хабарланды.

Бұл ақпарат шұғыл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығына жеткізіліп, одан кейін ҰҚК бөлімшелеріне тиісті бұйрықтар берілді.

ҰҚК төрағасы, генерал-лейтенант В.З.Жұмақановтың Мемлекет басшысына баяндама жасау кезінде оқ жаудыру туралы ақпарат тексерілу үстінде болған, арнайы қызмет басшысы бұл туралы Президент Н.Ә.Назарбаевқа баяндады.

Өз кезегінде, ІІМ органдарымен бірлесіп өткізген шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесі бойынша балалар лагеріне оқ жаудыру дерегі расталмады.

ҰҚК-нің баспасөз қызметі Ақтөбенің лаңкестікпен күрес бойынша жедел штабы жаңа зорлық іс-қимылдарының қаупі және іздеудегі қылмыскерлердің орналасқан жерлері туралы кез келген ақпаратты тексеріп отырғанын хабарлады. Жедел елеудің басқа да қажетті іс-шаралары қолданылуда.

Бүгінгі таңда Ақтөбедегі және еліміздің басқа да аймақтарындағы жағдай тұрақты және бақылауға алынған. Лаңкестік қауіптіліктің  «сары» деңгейімен қарастырылған басқа да шаралар кешені іске асырылуда.

ҰҚК-нің баспасөз қызметі жағдайдың өзгеруі және ұлттық қауіпсіздік органдары  өткізіп отырған шаралардың қорытындылары туралы хабарлайтын болады. 

Соңғы жаңалықтар