ҚР Президентінің дағдарысқа қарсы бағытында халықтың әл-ауқатына көңіл бөлінген

ПАВЛОДАР. Наурыздың 8-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ – «Қазақстан халқына арналған Жолдаудың мазмұнымен танысқаннан кейін мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың экономика мен саясаттағы дағдарысқа қарсы бағытын тек қолдап қана қоймаймын, шынайы алғыс сезімімді білдіремін»,
None
None
деді ҚазАқпарат тілшісіне павлодарлық бизнес-колледждің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Галина Малахова.Халықтың әл-ауқатына көңіл бөлу Жолдауда тасада қалмаған ? отбасыларға, ана мен балаға мемлекеттің қолдауы айрықша маңызды. Біздің оқу орнымыздың ұжымында негізінен әйелдер жұмыс істейді. Дағдарысқа қарамай Мемлекет басшысы зейнетақылар мен жәрдемақыларды, әйелдерге берілетін әлеуметтік төлемдерді, бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысын арттыру міндеттемесін растай түсті.Жолдауда ел экономикасы үшін кадрлар даярлайтын оқу орындарының алдына міндеттер қойылған. Біздің бизнес-колледж еңбек рыногының талаптарына сай шұғыл әрекет етеді ? экономиканың техникалық салалары үшін білікті мамандар даярлайды.
Соңғы жаңалықтар