ҚР Президентінің Кубогі үшін ат спорты жарысында бас жүлдені Алматы облысының шабандозы жеңіп алды

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Жұма күні Алматы облысындағы Көкбастау атшабарында ҚР Президентінің Кубогі үшін ат спорты жарысы болып өтті.
None
None

Алматы облысында Конституция күніне арналған бәйге өткізу дәстүрге айналған және биылғы жылы он бірінші рет өткізілді. Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ Қырғызстаннан келген атбегілер қатысты.

Қатысушылар топ бәйгеден, жорға жарыстан және аламан бәйгеден сайысқа түсті. Жарыстың барлық түріндегі жеңімпаздар машинаның кілттеріне және ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Президент Кубогын және жолсызбен жүретін шетелдік машинаны Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар