ҚР Президентінің Мюнхен конференциясында сөйлеген сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының аясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйлейді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Президентінің Мюнхен конференциясында сөйлеген сөзі тікелей эфирден көрсетіледі

«Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:15-те басталады. Президенттің сөйлеген сөзін осы сілтеме арқылы көруге болады», - деді Берік Уәли.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Германиядағы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының мүмкіндіктерімен танысты. Мұнымен қоса, Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен кездесті.