Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Президентінің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қолдау акциясына 2 500 -ден астам адам қатысты

ӨСКЕМЕН. 27 қаңтар. ҚазАқпарат (Людмила Малько) - Бүгін Семей қаласының цемент зауыты аумағында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі референдумды өткізуге қолдау білдірген акция болып өтті.

ҚР Президентінің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдумды қолдау акциясына 2 500 -ден астам адам қатысты

Акцияға өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының, кәсіподақтардың 2 500 -ден астам қызметкері қатысты. Қаладағы еңбек ұжымдары өткізген іс-шара барысында оған қатысушылар Қазақстандағы еңбек ұжымдарына арнап «Қазақстан-2020» Жалпыұлттық демократиялық күштер одағын құрау бастамасына қолдау білдіруге бағытталған үндеу қабылдады, сонымен қатар Қазақстанның азаматтық қоғамын ортақ күшке бірігуге шақырды.