ҚР Президентінің Жолдауында елді дағдарыстан шығарудың нақты шаралары белгіленген ? кәсіпкер пікірі

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - «Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауы – ерекше маңызы бар саяси құжат, өйткені, онда Мемлекет басшысы Қазақстанды әлемдік экономикалық дағдарыстан алып шығу жөніндегі нақты шараларды белгілеп берді», -
None
None
деп санайды Қарағанды облысы Қаражал қаласының жеке кәсіпкері Роберт Пак, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Біз бәріміз ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауын ерекше ықыласпен күтеміз. Онда ? жетістікті салмақты сараптау мен келешекті кең таразылаудың түйіні жатыр. Мемлекет басшысы әрқашан да халықтың тұрмысын жақсарту жолындағы мақсатқа жетудің сара жолын көрсетеді», - деп атап өтті Р.Пак. Кәсіпкердің пікіріне қарағанда, қазақстандықтарды бірігуге шақыру ? ең өзекті мәселе. «Жолдауда жұмыссыздарға көмек жасау және халықты мейлінше еңбекпен қамтамасыз ету секілді өзекті мәселелерге ерекше мән берілуінің маңызы өте зор», - деп санайды Р.Пак.
Соңғы жаңалықтар