ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы жазушы Кемел Тоқаевтың архивтегі суреттерін жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Президентінің кеңесшісі- Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында Кемел Тоқаевтың 1984 жылы Маңғыстауда түскен суреттерін жариялады.

 Жазушы Кемел Тоқаев Маңғыстауда
Фото: facebook/Руслан Желдібай

Суреттерде Қазақстан Президентінің әкесі, танымал жазушы, редактор, Ұлы Отан соғысына қатысушы Кемел Тоқаев тұр. Суреттер 1984 жылы Маңғыстауда түсірілген.

Кемел Тоқаев
Фото: facebook/Руслан Желдібай
Кемел Тоқаев
Фото: facebook/Руслан Желдібай
Кемел Тоқаев
Фото: facebook/Руслан Желдібай

Майдангер-жазушы Кемел Тоқаев Маңғыстауда, 1984 жыл,- деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кемел Тоқаев көркем сөздің шебері, драматург, қазақ прозасындағы детектив жанрының негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Оның алғашқы «Жұлдызды жорық» жинағы 1954 жылы жарық көрді.

Жазушының «Солдат алысқа кетті», «Арнаулы тапсырма», «Соңғы соққы», «Түнде атылған оқ», «Сарбағанда болған оқиға» сияқты романдары мен повестері және өзге де шығармалары тек Қазақстанда ғана емес, елімізден тыс жерлерде де танымал.

Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерімен, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Соғыстан соң жазушы республикалық газеттерде жауапты қызметтерді атқарды. 1980-1984 жылдары Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесшісі болды.

Соңғы жаңалықтар