ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат — Президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев сайлауда дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол өз таңдауын «Наз» мемлекеттік би театры ғимаратында құрылған №189 сайлау учаскесінде жасады.

Н.Әуесбаев дауыс беруге сайлауалды штабының басшысымен бірге келді. Ол Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан ұсынылған болатын. Нұрлан Әуесбаев бастаған топ мүшелері Қарағанды, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сайлаушылармен кездесулер өткізген болатын.




Соңғы жаңалықтар