12:03, 28 Сәуір 2014 | GMT +5
ҚР Шекара қызметінің АН-72 ұшағының құлауына кінәлі деп айыпталған диспетчер 6 жылға сотталды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - АН-72 ұшағының Шымкентте құлауына кінәлі деп айыпталған аэродром диспетчері Қанат Ақылбеков 6 жылға бас бостандығынан айырылды.
Бүгін АН-72 ұшағының құлауына қатысты сот үкімі шықты. Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2012 жылы 25 желтоқсанда Шымкенттен 23 шақырым жерде орын алған. Әуе апатының салдарынан 27 адам ажал құшты. Ұшақта ҚР ҰҚК Шекара қызметінің жетекші құрамы болған еді.
Қ. Ақылбеков ұзақ уақыт бойы ұшақты белгілі бір биіктікте ұстап тұру арқылы апаттың орын алуына себепкер болды деп кінәланды.
Қ.Ақылбеков ағымдағы жылы 24 сәуірде өзінің кінәсіз екенін алға тартып, соттан өзін ақтап алуды сұрады.