ҚР СІМ: Алдын ала мәліметтер бойынша апатқа ұшыраған ресейлік ұшақ бортында қазақстандықтар жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдын ала мәліметтер бойынша бүгін 9268 рейсін орындау кезінде апатқа ұшыраған авиалайнер бортында Қазақстан азаматтары болған жоқ.

ҚР СІМ: Алдын ала мәліметтер бойынша апатқа ұшыраған ресейлік ұшақ бортында қазақстандықтар жоқ

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Твиттердегі парақшасында хабарланған.

Еске салайық, ресейлік «Когалымавиа» әуе компаниясының «Шарм-эш-Шейх - Санкт-Петербор» 9268 бағытындағы Airbus-321 әуе лайнері Мысырдан жергілікті уақыт бойынша сағат 6:21-де ұшып шығып, 23 минуттан кейін радар экрандарынан жоғалып кеткен. Әуе кемесінің бортында 217 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Мысырдың Синай түбегінің орталығында апатқа ұшыраған ресейлік азаматтық ұшағының сынықтары табылды,