ҚР СІМ-дегі ең соңғы масқара жайт - Қазақстанның Франкфурттегі бас консулдығы қызметкерінің темекі контрабандасымен ұсталуы

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігіндегі ең соңғы масқара жайт Қазақстанның Франкфурттегі бас консулдығы бұрынғы қызметкерінің темекі контрабандасымен ұсталуы болды. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының Үкімет сағатында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
None
None

«Сыртқы істер министрліктегі тәртіпке қатысты айтар болсам, мен сіздермен бірқатар қауіпті дабылдардың орын алғандығымен келісемін. Ең соңғы масқара дабыл - бұл Франфуртегі біздің Бас консулдық қызметкерлерімізбен байланысты оқиға», - деді ол.

Оның атап өтуінше, Сыртқы істер министрлігі бұрынғы қызметкерлерінің бірі дипломатиялық пошта саласында жұмыс істей жүріп, өз қызметін пайдакүнемдікке пайдаланған. Ол шағын топ құрып, ұзақ уақыт бойы Германияға контрабандалық сигареттер жеткізіп тұрған.

«Германиялық билікпен бірлесіп, шара қабылдаудамыз. Сәйкесінше жұмыстар жүргізілуде. Біз құқық қорғау органдары деңгейінде германиялық әріптестермен өзара бірлесіп қимылдаудамыз. Іс жүзінде бізге мән-жай белгілі. Әрине, әңгіме екі дипломатты қылмыстық жауапкершілікке тарту жайында болып отыр. Өйткені бұл - жазаға тартылуы тиіс қылмыс. Қылмыстық істі қозғауға Қазақстан Бас прокуратурасы бастамашы болды», - деді Е.Ыдырсов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Франкфурттегі бас консулы Ахат Алпысбаев ағымдағы жылдың жазында темекі контрабандасына қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді.

Соңғы жаңалықтар