ҚР СІМ Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне қатысты іс туралы түсінік берді
АСТАНА. – Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Наталья мен Александр Донцовтың Ресейде тұтқындалғаны туралы БАҚ-та тараған ақпаратқа байланысты Ресейге ресми сұрау жолдағанын мәлімдеді.
– Құқықтық көмек көрсету барысында екі елдің құзырлы органдары бір-бірімен тікелей жұмыс істейді. Қазақстанға адамдарды экстрадициялау мәселелері тек Бас прокуратураның құзыретінде. Елшіліктер халықаралық құқық аясында ғана қызмет атқарады, олар ішкі істер немесе сот ісін жүргізуге құзыретсіз, – деді министрлік өкілі хабарламада.
Министрлік дипломатиялық арналардың тек халықаралық құқық шеңберінде жұмыс істейтінін және адвокат қызметін де атқара алмайтынын ескертті.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Германияда көз жұмған экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның ісіне қатысты түсінік берді.