ҚР СІМ: Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелері жұмысын тоқтатты

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Как Астана готовится к референдуму по АЭС
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform

«Күрделі әскери саяси жағдайға байланысты, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сыртқы істер министрлігі Орталық референдум комиссиясымен бірлесіп, Израиль, Иран және Ливандағы референдум учаскелерін қызметін уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады», - деді СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай Таяу Шығыстағы шиеленіске қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі үндеу жасады. 

Сондай-ақ, еліміздің Израиль, Иран және Ливандағы дипломаттары күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін хабарладық. 

Айта кетейік, Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ. 

Соңғы жаңалықтар