ҚР СІМ Қазақстан азаматтарына Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуды ұсынды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстан азаматтарына аталған өңірдегі ахуал тұрақталғанға дейін Израиль мен Ливанға барудан уақытша бас тартуға ұсыным беретінін мәлімдеді.

СІМ
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

«Қазіргі уақытта аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз», - делінген министрлік хабарламасында.

Қосымша ақпарат алу немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлері арқылы шұғыл байланысқа шыға алады:

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:
+7 7172 720111 (кезекші дипломат)
+7 705 4433332 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Ливандағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:
+ 961 04 713 447 (кезекші)
+ 961 70 069 977 (ұялы телефон, WhatsApp)
+ 961 71 116 004 (ұялы телефон, WhatsApp)

Соңғы жаңалықтар