12:03, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
ҚР спортшылары Бішкекте кендо бойынша өткен турнирде бірінші орынды иеленді
БІШКЕК. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Владимир Добровольский/ - Өткен демалыс күндері қазақстандық спортшылар Бішкекте Жапония елшісі Кубогының кендо бойынша өткен турнирінде табысты өнер көрсетті.
Қырғыз Республикасы Кендо федерациясының ақпаратына қарағанда, бауырлас екі республиканың спортшылары жиналған турнирде қазақстандық Виктор Трусов бірінші орынды иеленген. Сондай-ақ тағы бір өкіл Еркін Тәтішев қола жүлдені еншілесе, Игорь Кан турнирдің көтермелеу грамотасымен марапатталды.