ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған номиналы 10 мың теңгелік ақша әлемнің 2011 жылғы ең үздік банкнотасы атанды

АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкінің бас дизайнері Меңдібай Әмин әлемнің ең үздік дизайнерлерінің бірі атанды.
None
None

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда Халықаралық монета қауымдастығының «2011 жылдың үздік банкноты» аталымы бойынша марапатын қабылдап алу рәсімі кезінде  айтты.

 «Бұл банкноттың дизайнын шетелдік әріптесіміз Le La Rue компаниясымен бірлесіп жасадық. Олар техникалық жағынан көмектесті, өндіріс тоқтамауы үшін. Әріптестерімізге бұл үшін рахмет айтамыз. Онда Қазақ елі монументі мен Елбасының Астанадағы Ақордасының көрінісі және Тәуелсіздіктің 20 жылдығы логотипі  бейнеленген. Түстік бейнеленуі және тағы басқа да безендірілулері үшін біздің Бас дизайнер Меңдібай Әминге алғыс айтқым келеді. Ол шын мәнінде әлемнің ең үздік дизайнерлерінің бірі. Өзгелер бізге бұл үшін қызыға да қызғана қарайды», - дейді   Г.Марченко.

Бас банкирдің айтуынша, ҚР Ұлттық банкінің өнімдері халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағасын алып жүр. Мәселен Халықаралық монета қауымдастығы бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің  «Жолбарыстар» монетасын «2010 жылғы ең үздік монета» деп таныған болатын.

Соңғы жаңалықтар